Атырау, 5 желтоқсан 10:29
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Қазақстанда балалар құқығын қорғау комиссияларының жұмысы күшейтіледі

178 рет қаралды
Сурет: inbusiness.kz
Сурет: inbusiness.kz

2025 жылдың басынан бері елімізде кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар шамамен 4 мың отырыс өткізіп, 7 мыңнан астам істі қарады. Оның ішінде мыңнан астамы — өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға қатысты, деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Мұндай отбасыларға материалдық, психологиялық, құқықтық және медициналық көмек көрсетіліп, жұмысқа орналастыру, балалардың оқуына және демалысын ұйымдастыруға жәрдем берілген.

Қазір елімізде 271 комиссия жұмыс істейді. Олар жоспарлы істермен қатар, қоғамда кең талқыланған және жедел шешім қабылдауды қажет ететін мәселелерді де қарайды.

«Комиссиялар – балалардың құқықтарын қорғаудың басты тетігі. Біз буллингтің, кибербуллингтің және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бағытында жаңа тәсілдер енгізіп жатырмыз», – деді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Ведомствоаралық рейдтер нәтижесінде биыл 21,8 мыңнан астам ата-ана мен 107 мыңнан астам заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, ойын-сауық орындарына балаларды кіргізген 2 мыңға жуық кәсіпкерге де шара қолданылған.

Министрлік қазір комиссиялардың жұмысын жетілдіруге бағытталған жаңа ережелер әзірлеп жатыр. Құжатта буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, өңірлерге әдістемелік көмек көрсету және жергілікті деңгейдегі жауапкершілікті арттыру көзделген.

4 қараша, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.