
Қарағанды қаласында Threads әлеуметтік желісінде жариялаған жазбалары арқылы әлеуметтік, діни және ұлттық араздық тудырды деп айыпталған 23 жастағы кәсіпкер Алика Мұхамадиеваға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазыбек би аудандық сотының шешімімен Мұхамадиева ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру») бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Алайда сот оның 2 жасар баласы бар екенін ескеріп, жазаны өтеу мерзімін екі жылға кейінге қалдырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
В Атырау +4