Атырау, 19 желтоқсан 23:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

​Индер ауданында жаңа мектепке жапсаржай салынып жатыр

329 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Индер ауданының Көктоғай ауылындағы Б.Нысанбаев атындағы мектепке салынып жатқан 120 орындық жапсаржай құрылысы қарқынды жүргізілуде, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған нысанның бас мердігері – «Градстройсервис» ЖШС. Авторлық қадағалауды «General Project & Construction» ЖШС, ал техникалық қадағалауды «Әсем-Құрылыс-Қызылорда» ЖШС жүзеге асыруда.

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайыновтың айтуынша, жоба бойынша жұмыстар 2023 жылдың сәуір айында басталған. Кейін жобалық-сметалық құжаттамаға нақтылау және түзетулер енгізу қажеттілігі туындап, ол қайта қаралды. Сараптама қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс жұмыстары 2024 жылы қайта жалғасты. 

- Қазіргі таңда нысанда құрылыс жұмыстары бірқалыпты жүріп жатыр, мердігер мекемеге жұмыстың сапасын бақылауда ұстау және бекітілген кестеге сай мерзімінде аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді, - деді ол.

Жобаны қайта қарау кезеңіне байланысты нысанның аяқталу мерзімі кейінге шегерілген. Жоспар бойынша мектеп жапсаржайының құрылысы 2026 жылдың бірінші тоқсанында толық аяқталады деп күтілуде.

3 қараша, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.