Атырау, 5 желтоқсан 10:30
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

ҚМГ және Shell Қашаған мен Қарашығанақта қазақстандықтардың қатысуын арттыру мәселесін талқылады

294 рет қаралды

Абу Даби қаласында (БАӘ) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Shell» концернінің «Барлау және өндіру» бөлімінің атқарушы вице-президенті Ричард Хоумен кездесті, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі. 

Қашаған және Қарашығанақ кен орындарын игеру мәселелері қаралып, жергілікті қамтуды одан әрі дамыту және North Caspian Operating Company (NCOC) мен «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) оператор компанияларда қазақстандық мамандардың санын көбейту мәселелеріне ерекше мән берілді.

Биылғы 9 айда Қарашығанақта 8,23 млн тонна мұнай өндірілді, жоспар — 8,21 млн тонна болды. Осы жылдың қорытындысы бойынша болжамға сәйкес бұл көрсеткіш 11,2 млн тоннаға жуықтайды. Тараптар Қарашығанақта газ өңдеу зауытының еліміз үшін стратегиялық маңызын ескере отырып, оны салу жобасын жүзеге асыру жөнінде пікір алмасты. 

Сонымен қатар геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері де талқыланды. Қазіргі уақытта ҚМГ ұйымдастырған жаһандық роуд-шоудың нәтижесінде ұсынылған перспективті жобалар аясында Shell компаниясы Ақтөбе облысындағы Мұғалжар учаскесіне өзінің бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

— ҚазМұнайГаз геологиялық барлау бағытын дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын жүзеге асыру үшін Shell-ді негізгі серіктестердің бірі ретінде қарастырады. Біз өзара тиімді барлық бағыт бойынша, оның ішінде Қазақстандағы перспективті геологиялық барлау жобаларының жаңа портфелі аясында инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге дайынбыз, — деді А.Хасенов.

3 қараша, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.