
Каспий теңізі мәселелері жөніндегі арнайы комитеттің алғашқы отырысы Иран Ислам Республикасында өтті, деп хабарлайды Otpannews.kz.
Жиынға Иранның бірқатар министрліктері мен атқарушы органдарының жоғары лауазымды өкілдері қатысты. Отырысқа Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары, Иранның Каспий жөніндегі арнайы өкілі Казем Ғарибабади төрағалық етті.
Кездесуде Каспий маңы елдері арасындағы ынтымақтастық, Иранның ішкі дайындығы және жетінші Каспий саммитін ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Саммит 2026 жылдың тамыз айында Иранда өтеді деп жоспарланған.
Арнайы комитеттің құрылуы Иранның Каспий өңіріндегі қауіпсіздік пен тұрақты даму мәселелеріне басымдық беріп отырғанын көрсетеді.
Айта кетейік, Каспий мемлекеттері басшыларының бесінші саммиті 2018 жылы Қазақстанның Ақтау қаласында, алтыншысы 2022 жылы Түрікменстанда өткен болатын.
В Атырау +4