
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылғы қазандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелері туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз хатшысы.
Бір ай ішінде 83 құқық бұзушылық тіркелді, олардың арасында парақорлыққа, алаяқтыққа және мүлікті ұрлауға байланысты қылмыстар басым.
Оның ішінде атап айтқанда:
- - ҚР ҚК-нің 366-бабы (Пара алу) бойынша – 26;
- - ҚР ҚК-нің 367-бабып (Пара беру) бойынша – 11;
- - ҚР ҚК-нің 368-бабы (Парақорлыққа делдал болу) бойынша – 4;
- - ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша – 12;
- - ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша – 16 дерек тіркелген;
Сотқа 54 қылмыстық іс жіберілді, оның ішінде:
- - ҚР ҚК-нің 366-бабы (Пара алу) бойынша – 19;
- - ҚР ҚК-нің 367-бабы (Пара беру) бойынша – 11;
- - ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша – 17;
- - ҚР ҚК-нің 368-бабы (Парақорлыққа делдал болу) бойынша – 5.
"ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы жұмыс бұдан әрі де жалғастыра бермек", - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
В Атырау +4