Атырау, 5 желтоқсан 10:09
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде ескерту жүйесінің істен шығуы қылмыстық жауапқа әкеп соқты

230 рет қаралды
Сурет: freepik.com
Сурет: freepik.com

2024 жылғы 23 қаңтарда Алматыда болған жер сілкінісі кезінде автоматтандырылған алдын ала ескерту жүйесі (ААЕЖ) өз жұмысын дұрыс орындамаған. Нәтижесінде тұрғындар уақытылы хабарланбаған.

Алматы қаласы прокуратурасы жүйені сатып алу мен орнатудың заңдылығын тексеріп, бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады. Тексеру барысында «TNS-INTEC» ЖШС бас директоры сапасыз жабдық жеткізіп, жалған актілер рәсімдегені белгілі болды.

Сондай-ақ, жабдықты қабылдау кезінде немқұрайлық танытқан төтенше жағдайлар департаментінің үш орынбасары және техникалық бақылау өкілдері де қылмыстық жауапқа тартылды.

Алматы гарнизонының әскери соты барлық айыпталушыларды кінәлі деп танып, бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметке кіруге тыйым салу жазасын тағайындады.

3 қараша, 13:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.