Атырау, 26 желтоқсан 20:22
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

«Ақбұлаққа» қауіп төніп тұр

3 037 просмотра

20 қыркүйекте облыстық мәслихат сессиясында облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ақылбек БАЙШАҚАНОВТЫҢ 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баяндамасы тыңдалды.

Ол көңілді күпті қыларлық көріністі суреттеді. Құрманғазы ауданында 49 елді мекеннің 36-сы, Индер ауданында – 14-тің 7-уі, Махамбет ауданында – 24-тің 17-сі, Исатай ауданында – 16-ның 8-і, Қызылқоға ауданында – 28-дің 6-уы, Жылыой ауданында – 9-дың 3-уі су құбыры суымен қамтылған.

Облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ баяндамашыны түзетті:

Іс жүзінде бұл ахуал одан да мүшкіл: мен барып көрген кейбір поселкелер су құбырлары жүйесімен тек жартылай ғана қамтылған. Қазір қайта оралып, ұмыт қалдырған жерлерге тұрбаларды жүргізу үшін республикалық «Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруды тоқтату керек. Ал бұған жол беруге болмайды. Басқа амал жоқ. Болашақта осы бағдарламаны жүзеге асыруға қатысты көптеген сұрақтар болады. Міне, айтпақшы, біріншісі. Неліктен биылғы жылға осы бағдарлама бойынша облысқа бөлінген 5,979 млрд теңгенің 2,993 млрд теңгесі, яғни, жартысы ғана игерілген?

Байшақанов жобалау жұмыстарын орындаған фирманың көптеген өрескел қателіктер жібергенін, жыл бойына оларды түзету жұмыстары жүргізілгенін айтты. Су тазарту құрылғысы салынуы тиіс жерлер газбен және электр энергиясымен қамтылмаған.

Қазір бағдарламадан қалыс қалмау үшін барын игереміз. Содан соң жасап бітіреміз. Үш мердігерден бір компания өз қызметін тоқтатты, басқа екеуі қаржысыз қалды, - деді Байшақанов. – Біз оларды көмек қарызбен қаржыландырдық. Қазір олар жұмыстарына кірісті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

23 қыркүйек 2013, 13:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.