Атырау, 5 желтоқсан 07:29
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Тәжікстан мен Өзбекстанда күшті жер сілкінісі сезілді

207 рет қаралды

3 қарашада Душанбе және Тәжікстанның бірнеше қалалары мен аудандарында күшті жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Interfax.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметіне қарағанда, жер сілкінісінің магнитудасы 6,3 болды. Эпицентр Ауғанстанның солтүстік Саманған провинциясындағы Хольм қаласынан 35 км оңтүстік-батыста, 10 км тереңдікте орналасқан.

Өзбекстан Сейсмоболжам орталығының хабарлауынша, эпицентрде жер сілкінісінің күші 7 баллға жеткен. Жер астындағы дірілдер:

  • Сурхандарья облысы — 5 балл

  • Қашқадарья облысы — 3–4 балл

  • Самарқанд облысы — 3 балл

  • Ташкент — 2–3 балл

Ауғанстанда жер сілкінісінен 5–7 адам қаза тапқаны хабарланды.

3 қараша, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.