
30 қазаннан 31 қазанға қараған түні Құрманғазы ауданында жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы өз-өзіне қол жұмсаған.
Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы — «Өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу» бойынша іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Дереккөздердің айтуынша, 36 жастағы бөлім басшысы отбасылық мәселе салдарынан өзіне тиесілі аңшылық мылтығынан оқ атқан.
— Ол қарапайым мемлекеттік қызметші еді, ешкімнен ерекшеленбейтін, өз еңбегімен көтерілген жігіт болатын. Енді міне, осындай қайғылы жағдай болды... Ажырасу процесі болып жатыр екен. Төрт баласы бар, — дейді дереккөз.
Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Жақындары жерлеу рәсіміне дайындалып жатыр.
Полиция өкілдері оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады.
Аудан әкімдігінен ресми пікір алу мүмкін болмады.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау +4