Атырау, 23 қараша 19:02
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ангела Меркель үшінші мерзімге қайта сайланды

2 667 просмотра
Германияда 22 қыркүйекте өткен парламент сайлауында канцлер Ангела Меркельдің партиясы жеңіске жетті. Сайлау қорытындысы бойынша Ангела Меркель елді қатарынан үшінші мерзім басқарады.

Дауыс беру қорытындыларына қарағанда, Меркельдің консервативтік Христиан-демократиялық одағы мен оның одақтасы Христиан социалдық партиясы  41,5 пайыз дауыс жинаған. Бірақ басқарушы коалициядағы серіктесі Еркін демократиялық партиясы парламентке өтуге қажетті бес пайыздық межені жинай алмады. 
Меркель сайлауда 25 пайыз дауыс жинап, парламенттегі екінші ірі партияға айналған солшыл Социал-демократиялық партиясымен келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.
Сарапшылар басқарушы коалиция құруға біраз келіссөздер қажет деген болжам айтады.
Ангела Меркель - екінші дүниежүзілік соғысы аяқталған уақыттан бері Германия тарихында Конрад Аденауэр мен Гельмут Кольдан кейін үшінші мерзімге сайланған канцлер болып отыр.
 
Дереккөз: Азаттық радиосы
23 қыркүйек 2013, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.