Атырау, 5 желтоқсан 10:09
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қостанайда Рудныйдың бұрынғы прокуроры 4 жыл 6 айға сотталды

573 рет қаралды
Сурет: "Костанайские новости"
Сурет: "Костанайские новости"

Қостанай облыстық соты Рудный қаласының бұрынғы прокуроры Мұрат Оспановқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұрынғы прокурор ірі көлемде пара алуға оқталғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 366-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.

Тергеу мәліметінше, Оспанов қала әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысынан абаттандыру жұмыстарына байланысты тексеруді тоқтату және қаржы жымқыру ісін қысқарту үшін 20 миллион теңге талап еткен. Ол параны Қостанай қаласында өз көлігінде алып жатқан сәтінде ұсталды.

Айыпталушы кінәсін толық мойындап, іс қысқартылған тәртіпте қаралды.

Сот үкімімен Мұрат Оспанов 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, орта қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына және «аға әділет кеңесшісі» шенінен айырылды.


31 қазан, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.