
Атырау облыстық Онкология орталығында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының онкохирургі Бауыржан Иманбеков іссапармен келіп, күрделі ота жүргізді.
Бірінші күні 71 жастағы науқастың өкпе ісігіне жиекті кесу тәсілімен операция жасалып, өңірде күрделі хирургиялық әдістерді қолдануға жол ашылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Екі күнге жоспарланған іссапар барысында білікті маман торакалдық хирургия бағытында онкологиялық ауруларды емдеудің заманауи тәсілдерін көрсетіп, шеберлік сағаттарын өткізуде.
Бірінші операцияда өкпенің қатерлі ісігі диагнозы бар науқасқа ота жасалды. Бұған дейін 6 курс химиотерапия алған науқастың оң жақ өкпесінің жоғарғы бөлігін толық алу қажет болды.
ҚР Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының жоғары санатты онкохирургі Бауыржан Иманбеков іссапардың негізгі мақсатын былай түсіндірді:
«Мақсат – тәжірибе алмасу, эндоскопиялық операцияның ерекшеліктерімен бөлісу, өңірдегі онкологиялық көмектің сапасын арттыру, дәрігерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіру және заманауи емдеу технологияларын тәжірибеге енгізу».
Атырау облыстық Онкология орталығының ұжымы мұндай кәсіби ынтымақтастықтың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Жаңа әдістер мен ғылыми тәжірибелер аймақ медицинасының дамуына серпін береді.
В Атырау +4 
