Атырау, 5 желтоқсан 10:08
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырауда «Учаске» іс-шарасы аясында 200-ден астам тұрғын үй тексерілді

351 рет қаралды

Атырау қаласында 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында республика көлемінде өткізіліп жатқан «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде бірқатар рейдтік тексерулер жүргізілді.

Атырау қаласы полиция басқармасының учаскелік инспекторлары мен қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері бірлесіп, көпқабатты тұрғын үй кешендерінде профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты – учаскелік полиция қызмет көрсететін аймақтарда құқық бұзушылықтың алдын алу, экстремизм мен терроризм көріністеріне жол бермеу, тұрғындармен сенімге негізделген қарым-қатынас орнату және пәтерлерді заңсыз жалға беру деректерін анықтау.

Тексеру барысында 250 пәтер қаралып, оның ішінде 25 жалдамалы пәтер анықталды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабына сәйкес, тіркеусіз немесе жеке куәліксіз тұру дерегі бойынша 13 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, жедел-іздестіру шаралары барысында күдік тудырған 6 тұлға анықталып, тиісті шаралар қабылданды.

Атырау қаласы полиция басқармасы тұрғындарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

31 қазан, 12:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.