
Атырау өңірі жерлестердің көзімен қарағанда, мұнай мен өндіріс қана емес, мінезі ерекше, рухы мықты адамдардың мекені. Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев өзінің жазбасында туған қаласына деген ыстық ықыласын білдіріп, Атырауды байлық пен еңбек, қарапайымдылық пен өрлік қатар өмір сүретін ерекше шаһар ретінде сипаттады.
«Атырау – биік бизнес орталықтары мен заманауи сауда үйлері ескі ағаш үйлердің қасында тұрған қала. Бір автотұрақта жаңа Land Cruiser 250 мен ескі “семерканы” қатар көруге болады. Ауада теңіз самалының лебі есуі тиіс, бірақ дизель иісі сезіледі», – деп жазды блогер.
Оның айтуынша, қала қаншалықты қатал болса да, дәл осы жерде оған ең жақын, рухы мықты, сабырлы, адал әрі мейірімді адамдар өмір сүреді.
«Мұнда егер саған біреу көмектессе, ол алғыс алу үшін емес, солай істеу керек болғандықтан көмектеседі. Бұл адамдар артық сөйлемейді, бірақ бәрін үнсіз түсінеді», – дейді ол.
Блогер Атыраудың ерекше болмысы – өндіріс күші мен адами жылулықтың тоғысында деп атап өтті.
«Қысқасы, мен өз туған өлкемді жақсы көремін», – деп түйіндеді блогер.
В Атырау +4