Атырау, 5 желтоқсан 10:09
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ақтөбеде әкесінің көлігін сұрамай мініп кеткен жасөспірім жол апатынан қаза тапты

501 рет қаралды
Сурет: freepik.com
Сурет: freepik.com

Ақтөбе облысында 13 жасар оқушы көлік апатынан қаза тапты. Жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз мініп кетіп, жол-көлік апатына ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбе облысының полиция департаменті хабарлағандай, жол апаты 27 қазанда Бауырластар тұрғын үй кешенінде тіркелген.

«13 жастағы жасөспірім әкесінің автокөлігін рұқсатсыз алып, елді мекен аумағында келе жатқанда көлікті басқара алмай, жол жиегіндегі кюветке аударылып кеткен», - деп хабарлайды полиция.

Бала жарақат алып, ауруханаға түсті. Алайда, дәрігерлер қанша жерден тырысқанымен, оны ажалдан арашалай алмады.

Оқиға дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция осындай оқыс оқиға орын алмас үшін ата-аналарға жасөспірім балаға көлік тізгінін ұстатпауға кеңес береді. 

30 қазан, 18:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.