Атырау, 5 желтоқсан 10:40
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​«ҚазМұнайГаз» тоғыз айда мұнай өндіруді 10%, газ өндіруді 20% арттырды

346 рет қаралды

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ 2025 жылдың тоғыз айындағы өндірістік нәтижелерін жариялады.

Компания мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда негізгі көрсеткіштер өсім көрсетті.

Мұнай және газ конденсатын өндіру – 10%-ға артып, 19,8 млн тоннаға жетті. 

Газ өндіру көлемі – 20,1%-ға өсіп, 8,6 млрд м³ болды. 

Көмірсутек шикізатын өңдеу – 11,7%-ға өсіп, 15,8 млн тоннаға жетті. 

Ал мұнай тасымалдау көлемі 1,1%-ға азайып, 62,5 млн тонна болды.

Өсімге Теңіз жобасы ықпал етті

Теңіз кен орнында мұнай мен газ өндіру көлемі 41,8%-ға артқан. Бұл өсім Болашақ кеңейту жобасы аясында үшінші буын зауытында өндіріс басталуымен байланысты. Қарашығанақта да аздаған өсім байқалған (+3,2%), ал Қашағанда керісінше – газ факторының жоғарылауына байланысты өндіріс 2%-ға төмендеген.

Мұнай өңдеу көлемі мен өнім шығару артты

Қазақстан мен Румыниядағы зауыттарда өңдеу көлемі 15,8 млн тоннаға жетті. Соның ішінде:

  • Қазақстандық МӨЗ-дерде өңдеу 3,7%-ға,

  • Ал румындық Petromidia және Vega зауыттарында 37%-ға артқан.

Мұнай өнімдері өндірісі де 13,5%-ға өсіп, 14,8 млн тоннаны құрады. Бензин шығару – 17%, дизель – 20% артқан.

Полипропилен өндірісі рекорд жаңартты

KPI зауытында полипропилен өндіру 68,4%-ға өсіп, 135 мың тоннаға жетті. Экспорт көлемі де 51,7%-ға ұлғайып, өнім Еуропа мен Түркия нарықтарына жөнелтілген.

«ҚазМұнайГаз» – Қазақстанның ұлттық мұнай-газ операторы. Компания барлау мен өндіруден бастап, тасымалдау, өңдеу және мұнай-химия өнімдерін өндіру салалары бойынша жұмыс істейді.

30 қазан, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.