
Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасы кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекет жасау дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады.
Тергеу нәтижесінде кәмелетке толмаған қыздың 2025 жылы сәуірде танысу сайтына тіркеліп, бір азаматпен танысып, кейіннен ол қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны анықталды.
Сонымен қатар аудан прокуратурасы жас шектемейтін және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін «Дайвинчик танысу» Telegram-арнасын анықтады.
Прокуратура бұл ресурстың жұмыс істеуін заңсыз деп тану үшін және оның қызметіне Қазақстан аумағында тыйым салу туралы сотқа талап-арыз жолдады.
"Алматы қаласының прокуратурасы ата-аналарды балалардың интернет-белсенділігіне қырағылық танытуға, оларға онлайн қарым-қатынастың қауіптілік ықтималын түсіндіруге және күдікті фактілер анықталған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінген жөн", - делінген прокуратура хабарламасында.
В Атырау +4