Атырау, 5 желтоқсан 10:40
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

"Тойға баруға рұқсат берілді": Бас прокуратура Хаменоваға қатысты ақпарат берді

437 рет қаралды
Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан скриншот

Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова ресми түрде пробация қызметінің рұқсатымен салтанатты шараға қатысты, деп мәлімдеді ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Сенат кулуарында.

"Жазасын өтеуі кейінге қалдырылған жағдайда мұндай шараға қатысуға тыйым салынбайды. Оның үстіне, ол пробация қызметінен рұқсат алды", - деп түсіндірді Қойгелдиев.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Хаменованың тойда байқалған видеосы пайда болған еді - ол лауазымды тұлғалар мен полицейлердің арасында құрметті қонақ ретінде бірінші қатарда тұрды.

Ролик жарияланғаннан кейін қолданушылар пара алғаны үшін сотталған бұрынғы шенеуніктің көпшілік алдындағы шараларға қатысқатысқанына таң қалды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі кейін Хаменова жазалау шарттарын бұзбағанын растады, себебі оған үкімді орындау кейінге қалдырылған.

Хаменованың ісі туралы не белгілі 

2022 жылдың қарашасында сот Хаменоваға екі жас баласының болуына байланысты жазаны орындауды үш жылға кейінге қалдырды.

2022 жылы Мәжілістің экс-депутаты және Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Абайға ескерткіш орнату кезінде 4,5 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот сондай-ақ оны мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырды және мүлкін тәркілеу туралы шешім қабылдады.

Хаменова кінәсін мойындамады және апелляция берді, бірақ үкім өзгеріссіз қалдырылды.

30 қазан, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.