
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Қайрат Қожамжаровтың бұрынғы қол астындағы қызметкері Олеся Кексельге қатысты сотқа дейінгі тергеудің барысын айтып берді.
- Азаптау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот Кексельге қатысты екі ай мерзімге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, - деді Қойгелдиев.
Естеріңізге сала кетейік, шілдеде Бас прокуратура Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Олеся Кексельге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабының 2-бөлігінің 1 және 2-тармақтары ("Азаптаулар, яғни лауазымды адамның қорқыту мақсатымен қасақана зардап келтіруі") бойынша күдікті деп танылды.
Бұған дейін, 3 шілдеде сол бап бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюроның бұрынғы басшысы Талғат Татубаев ұсталған болатын.
В Атырау +4