
Марқұмның анасының адвокатының өтініші бойынша прокурор қылмыстың саралануын өзгертті.
Енді Хайыржанов пен Қатимовқа ҚР Қылмыстық кодексінің: 99-бабы 2-бөлігінің 7 және 8-тармақтары («Адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы және жалданып адам өлтіру») бойынша; 202-бабы 2-бөлігінің 6-тармағы («Адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы бөгде мүлікті қасақана жоюы») бойынша айыптар тағылды.
Осылайша, екі күдіктіге қатысты іс ауыр және аса ауыр қылмыс санатына ауыстырылды.
Тергеу материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға болған күні Хайыржанов Янаны өз үйіне алып келген. Кейін олар бірге шыққан. Қыздың үйінің ауласында Хайыржанов оны көліктің ішінде тұншықтырған. Сол сәтте оқиға орнына Қатимов келіп, көліктің есігін ұстап тұрған.
Марқұмның анасы Галина Легкодимова жаңа айыптауды толық қолдап, сот әділ шешім шығарады деген үмітін білдірді.
Келесі сот отырысы тараптар жаңартылған айыптау актісімен танысу үшін 5 қарашаға белгіленді.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау -1