Атырау, 5 желтоқсан 10:40
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Алданып қалма: қаржы пирамидасы мен нақты бизнесті қалай ажыратуға болады?

420 рет қаралды

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасын қалай тануға және өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болады деген тақырыпта ескерпе жариялады. 

Реттеуші орган соңғы жылдары алаяқтар пирамидалық схемаларды инвестициялық жобалар, IT-платформалар және букмекерлік сервистер атын жамылып, әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы адамдарды тартып жатқанын атап өтеді.

Алаяқтардың құрбаны болмас үшін қаржы пирамидаларының негізгі белгілерін білу маңызды. Көбіне мұндай схемаларды келесі белгілерден тануға болады:

  • қатысушылардан бастапқы жарнаны төлеуді талап етеді;
  • нарықтық кірістен едәуір жоғары кірісті уәде етеді;
  • әсіресе әлеуметтік желілерде агрессивті жарнамалар береді;
  • жаңа салымшыларды тарту үшін бонустар ұсынады;
  • компанияның қызметі мен қаржылық жағдайы туралы ашық ақпарат жоқ;
  • ұйымда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген халықтың салымдарын тартуға лицензиясы немесе бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеуге рұқсаты жоқ.
"Түрлі атауына қарамастан, қаржы пирамидаларының жұмыс қағидаты әрдайым бірдей: қатысушылардың кірістері жаңа қаражат есебінен ғана қалыптасады. Алғашқы салымшылар төлемдерді кейін келгендер енгізген ақшадан алады", - деп атап өтті Агенттік өкілдері. 

Мұндай схемалардың заманауи ұйымдастырушылары сенімділік иллюзиясын жасап, жаңа құрбандарды тез табу үшін IT технологияларын, психологиялық әдістерді, әлеуметтік желілерді және мессенджерлерді пайдаланады.

Табыс табудың негізі нақты тауар немесе қызмет болып табылатын желілік маркетингтен айырмашылығы, қаржы пирамидасы жаңа қатысушылардың ақшасына ғана негізделген.

Бүгінгі таңда мұндай схемалар букмекерлік кеңселер немесе инвестициялық жобалар ретінде жасырылған. Алаяқтар клиенттерге лицензиясыз және мессенджерлер арқылы жалған чектер бере отырып, «ұтатын» ставкаларды ұсына алады. Тағы бір формат – жоғары пайдаға уәде беретін онлайн-жобаларға «инвестициялар». Ұйымдастырушылар қаражатты жеткілікті мөлшерде жинағаннан кейін, жоба кенеттен жабылып, оны құрушылар жоғалып кетеді.

Жауапкершілік 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидаларын құру және оған қатысу ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша жазаланатынын ескертті. 

Ең жоғары жаза – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салына отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

30 қазан, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.