Атырау, 23 қараша 19:10
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытайда «Усаги» дауылынан кем дегенде 25 адам қаза тапты

1 984 просмотра
Қытайдың оңтүстігінде Усаги дауылы тұрып, халықты әбден әбігерге салды. Бұл әдетте осы маусымда болатын ең күшті тынықмұхит дауылы болып саналады. Филиппиннен өткеннен кейін дауылдың жылдамдығы төмендеген, қазір 43 м/с құрайды, деп жазады Newsru.com.

Чжунсиньшэ агенттігінің хабарлауынша, Қытайдың оңтүстігінде болған «Усаги» дауылынан кем дегенде 25 адам қаза тапты (бұған дейін 21 адам деп хабарланған). Гуандун провинциясының Шаньтоу қаласында екі адамды құлаған ағаш басып қалған, бірнеше адам із-түссіз жоғалып кеткен.

Гонконгта жарнама бағанының құлауынан зардап шеккен әйел ауруханаға түсті. Ал Тайваньда алапат дауылдан электр сымдары үзілген. Ағаштар қирап, электр желілері үзілуде, тіпті күшті жел автокөліктерді де ұшырып әкеткен.

Гуанчжоу, Шэньчжэнь және Чжухай сияқты ірі қалаларда пойыз қатынасы тоқтады, Тайшань қаласында 5 мыңға жуық турист қауіпсіз жерге көшірілді. Сонымен қатар Гонконгтағы Чек Лап Кок халықаралық әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылған. Мұнда 400-ден аса рейстің кестесі өзгерді. Жергілік билік мектептегі сабақтарды тоқтатты.

Аталған тайфун Тынық мұхитында пайда болғанда ғаламдық метеорологтар оған «супертайфун» деген атау берген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

23 қыркүйек 2013, 09:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.