
Ресей Президенті Владимир Путин 2025 жылғы 24 қазанда «Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасының Ресей–Қазақстан бөлігіндегі кедендік реттеудің ерекшеліктері туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
Жарлыққа сәйкес, 2025 жылғы 10 желтоқсанға дейін Ресей Федерациясына Қазақстан мен Қырғызстаннан келетін, алушылары Ресейдің заңды тұлғалары болып табылатын тауарларды ЕАЭО құжаттарынсыз және таңбалаусыз әкелуге уақытша рұқсат етіледі.
Жеңілдетілген тәртіптің шарттары:
- Тасымалдаушыда тауарларды алушының жазбаша міндеттемесі болуы тиіс — яғни, тауарларды белгіленген тәртіппен декларациялауға дайын екені туралы хабарлама.
- Тауар алушылар мына талаптарды орындауы қажет:
- Тауарларды уақытша сақтау қоймаларына дейін жеткізу;
- Оларды уақытша сақтау қоймаларына орналастыру;
- Таңбалау немесе ақпарат қолдану үшін РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігіне ұйым туралы (атауы, заңды нысаны, СТН) ақпарат жіберу;
- Тауарларға Ресей заңнамасына сәйкес таңбалау немесе ақпарат қолдану;
- 2025 жылғы 27 желтоқсанға дейін кедендік декларациялау мен өзге де рәсімдерді аяқтау.
Шектеулер:
Жарлық ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына кіретін кейбір тауарларға қолданылмайды, атап айтқанда:
- Есірткі құралдары
- Психотроптық заттар және прекурсорлар
- Күшті әсер ететін және улы заттар
Қолданыс мерзімі:
Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді және 10 желтоқсанға дейін жарамды.
Бұл шешім Қазақстан мен Қырғызстаннан Ресейге бағытталған жүк тасымалын уақытша жеңілдетіп, шекарадағы жүк көліктерінің жиналуын азайтуға бағытталған.
В Атырау +4