Атырау, 5 желтоқсан 10:41
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Энергетика министрлігі мен кәсіподақтар мұнайшыларды қолдайтын жаңа шараларды қарастырды

341 рет қаралды

Энергетика министрлігінде мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салаларында әлеуметтік әріптестік жөніндегі 2026–2028 жылдарға арналған жаңа Салалық келісімге қол қою рәсімі өтті. 

Іс-шара вице-министр Құдайберген Арымбектің төрағалығымен өтті.

Келісімге Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, қызметкерлердің үш салалық кәсіподағы және жұмыс берушілердің «KAZENERGY», «PETROMINING» қауымдастықтары мен Мұнай-газ химия өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар ассоциацияларының өкілдері қатысты.

Жаңа салалық келісімде еңбекақы жүйесін оңтайландыруға бағытталған бірқатар шаралар қарастырылған. Атап айтқанда, разрядтар арасындағы ең төменгі коэффициенттер мен зияндылық деңгейіне қарай қолданылатын салалық коэффициенттерге өзгерістер енгізілді. Бұл қадамдар еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіруге және ұжымдағы әлеуметтік ахуалды жақсартуға ықпал етеді деп күтілуде.

ҚР Энергетика министрлігі стратегиялық маңызы бар мұнай-газ саласында әлеуметтік әріптестікті нығайту және әділ еңбек қатынастарын дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

29 қазан, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.