
Мәжіліс депутаттары ТМД елдерінде алимент өндіру тетігін жетілдіруге бағытталған заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжаттың толық атауы – «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы 2002 жылғы 7 қазандағы Конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы».
Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның айтуынша, бұл заң жобасы сот актілерін орындау кезінде туындайтын құқықтық олқылықтарды жоюға және балалардың мүддесін қорғауды күшейтуге бағытталған.
– Құжат ТМД елдері арасындағы құқықтық ынтымақтастықты нығайтып, кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіру жөніндегі сот шешімдерінің өзара танылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді, – деді депутат.
В Атырау +4