Атырау, 5 желтоқсан 10:41
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Астанада сауда орталығында қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам ұсталды

Бейнежазба
319 рет қаралды

Астанада полицейлер сауда орталығында қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер елордадағы ойын-сауық және сауда орталықтарының бірінде жартылай жалаңаш күйде жүгіріп, келушілердің назарын аударып, қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамның видеожазбасын анықтады. 

Жедел-іздестіру барысында 26 жастағы құқық бұзушы анықталды. Қоғамдық тәртіпті сақтамаған азамат ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тартылды. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке қамауға алынды. 

Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға, айналадағы өзге азаматтарға құрметпен қарауға және құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырады.

29 қазан, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.