Атырау, 5 желтоқсан 10:41
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Алматыға АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілдері келді

283 рет қаралды

АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Серджио Гор мен Мемлекеттік хатшының орынбасары Кристофер Ландау ресми сапармен Алматыға келді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Делегацияның сапары аясында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің даму бағыты, сондай-ақ халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер талқыланатын кездесулер өтеді деп жоспарланған.

Бүгін америкалық өкілдер Қазақстанда жұмыс істеп жатқан АҚШ компанияларының басшыларымен және іскерлік орта өкілдерімен жүздесті.

Сапар барысында меймандар Алматының мәдени және спорт нысандарын да аралады. Олар заманауи өнер музейінде болып, “Шымбұлақ” тау шаңғысы кешені мен “Медеу” мұз айдынында болды.

Қонақтарды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай қарсы алды.

29 қазан, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.