Атырау, 5 желтоқсан 10:39
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қазақстан БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қойды

328 рет қаралды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бірінші орынбасары, полиция генерал-майоры Бауыржан Әленов бастаған делегация Вьетнам астанасы Ханойда өткен БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған конвенция ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және жаһандық киберқауіпсіздікті арттыруға бағытталған.

Қазақстан өз мүдделерін қорғап, конвенция жобасын әзірлеу барысында мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін қалыптастыруға ұсыныстар енгізіп, белсенді жұмыс атқарды.

Конвенцияға қол қою Қазақстанның цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, киберқатерлерге қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жетілдіру және басқа елдермен киберқауіпсіздік саласындағы әріптестікті нығайту саясатын іске асырудағы маңызды қадам болды.

Конвенцияға қосылу Қазақстанға мүмкіндік береді:

  • Басқа елдермен электрондық дәлелдемелерді жедел алмасуға;

  • Трансшекаралық киберқылмыстарды тергеу кезінде тиімді өзара іс-қимыл жасауға;

  • Азаматтарды интернет-алаяқтықтан, кибершабуылдардан және цифрлық қауіптерден қорғауға.

28 қазан, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.