Атырау, 25 наурыз 09:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 457.29
€ 490.35
₽ 5.97

Украина Кеден одағына тек жартылай қосылуға дайын - Янукович

1 155 просмотра

Украина елдің Еуроодақпен жақындасуына кедергі келтірмейтін Кеден одағы шарттарына қосылуға дайын деп мәлімдеді жұмада Ялтада Украина  президенті  Виктор Янукович.

"Біз Еуроодақтың талаптарына қарсы келмейтін Кеден одағының шарттарын қарастыруға және Кеден одағына Украинаның ұлттық мүддесіне сәйкес  келетін шамада қосылуға дайынбыз ", - деп келтіреді  РИА Новости "Ялта  еуропалық стратегиясы" форумында Януковичтің сөйлеген сөздерін.

Еуропалық  саясаткерлер, бизнесмендер, журналистер және политологтар қатысып отырған форумның негізгі тақырыбы   Вильнюста ағымдағы жылғы қарашада «Шығыс серіктестігі» саммитінде қол қоюы  жоспарланған Украинаның ЕО-мен қауымдастығы туралы келісім-шарт болып отыр.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

20 қыркүйек 2013, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.