Атырау, 28 қазан 15:18
 дождьВ Атырау +16.5
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65

Энергетика вице-министрі: «Лукойлдың» қазақстандық үлестерін қайта бөлуге әлі ерте

698 рет қаралды
© Sputnik / Владислав Воднев

Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов «Лукойлдың» Қазақстандағы үлестерін сатып алу немесе акционерлік құрамын қайта бөлу мәселесі әзірге қарастырылып жатқан жоқ деп мәлімдеді.

«Негізінен «Лукойл» — «ҚазМұнайГаздың» серіктесі. Қазір олардың өз міндеттері бар. Каламқас-Хазар жобасы бар, басқа жобалар да бар. Үлесті сатып алу немесе акционерлік құрамды қайта бөлу мәселесімен Энергетика министрлігі әзірге айналыспайды», — деді вице-министр.

Оның айтуынша, қазіргі кезде басты назар қолданыстағы жобаларды іске асыруға және серіктестік міндеттерін орындауға аударылған.

28 қазан 2025, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.