Атырау, 5 желтоқсан 10:42
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қытайдағы тексерулер Қазақстандағы теміржол қозғалысына кедергі келтірді

315 рет қаралды

ҚТЖ ҰК» АҚ хабарлауынша, ағымдағы жылдың қазан айында Қытай Халық Республикасы тарапынан Алтынкөл мемлекетаралық түйіспесі арқылы пойыздарды қабылдау тәулігіне 14-тен 10 пойызға дейін, ал кейбір күндері 6-ға дейін төмендеді.

ҚХР уәкілетті органдары Үрімші және Бейжің қалаларында астық жүктерін сынамалап, зертханалық талдау арқылы терең тексеру жүргізуде. Бұл процесс 5-тен 10 күнге дейін созылуы мүмкін.

Осыған байланысты қазақстандық тарап инфрақұрылымында шамамен 3 000 вагон жиналып, қалыпты нормативтен асып кеткен. Бұрын пойыздардың қабылдануы қытайлық тараппен толық келісілген болатын.

Инфрақұрылымның тұрақты және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында ҚТЖ контейнерлік пойыздардағы жекелеген экспорттық астық жүктерін тәулігіне үш құрамнан артық қабылдамау бойынша уақытша технологиялық шектеу енгізуге мәжбүр болды.

ҚТЖ атап өткендей, бұл шара уақытша және мәжбүрлі сипатта, жөнелтімдерді қабылдаушы инфрақұрылымның нақты дайындығымен үйлестіруге бағытталған. Қазақстанның теміржол желісі штаттық режимде жұмыс істейді және жүктердің расталған көлемін тасымалдауға толық дайын.

28 қазан, 13:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.