Келесі жұмада, 27 қыркүйекте облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ Астанадағы ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) баспасөз конференциясын өткізеді.
Естеріңізге салсақ, таяу уақыттан бері ОКҚ базасында әр жұма сайын өңір басшыларының қатысуымен өз облыстарының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өткізіліп тұрады.
- Кестеге сәйкес, бүгін Қызылорда облысының әкімі, келесі жұмада – Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысады, - деді облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Саламат САБЫР. – Шара жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-де басталып, «24.kz» телеарнасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА