Атырау, 5 желтоқсан 11:15
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қазақстанда 26,9 млн тонна астық бастырылды

214 рет қаралды
Фото: freepik.com

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 15,9 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 99,2%-ы жиналды. Нәтижесінде 26,9 млн тонна астық бастырылды.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 3,7 млн тонна майлы дақыл, гектарына 226,3 центнер өнімділікпен 2,9 млн тонна картоп және гектарына 297,3 центнер өнімділікпен 3,8 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда, 333,4 ц/га өнімділікпен 497,5 мың тонна қырыққабат, 429,9 ц/га өнімділікпен 1058,5 мың тонна пияз, сондай-ақ 283 ц/га өнімділікпен 387,7 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтуде.

28 қазан, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.