Атырау, 5 желтоқсан 11:15
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қызылорда мен Түркістанда су заңын бұзғандарға 46,7 млн теңге айыппұл салынды

194 рет қаралды
gov.kz

Арал-Сырдария бассейні су инспекциясы 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында жүргізген тексерістердің нәтижесінде 439 әкімшілік іс қозғалды. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов инспекцияның жыл басынан бергі жұмысы туралы есебін тыңдады.

Осы кезең аралығында су заңнамасын бұзғандарға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 46,7 млн теңге.

Сонымен қатар жыл басынан бері Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясы Қызылорда және Түркістан облыстарында арнайы су пайдалануға 286 рұқсат берді.

«Өткен вегетация кезеңінде Арал-Сырдария су шаруашылығы бассейнінде заңсыз су алу және тіркелмеген сорғы қондырғыларын орнату фактілері анықталды. Суармалы суды әділ бөлу мақсатында инспекторлар министрліктің орталық аппараты және «Қазсушар» РМК мамандарымен бірлесіп су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізді. Жаңа Су кодексінде көзделген бақылау функциялары бассейндік су инспекцияларына бұзушылықтарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді», – деді Арал-Сырдария бассейні су инспекциясының басшысы Зейнолла Қазтоғанов.

28 қазан, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.