Атырау, 1 желтоқсан 21:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

УАЗ-дардың билегенін көрдіңіз бе?

2 251 просмотра

Әскерде мүмкін емес нәрсе болмайды. Мұны Водников поселкесіндегі әскери автодромда темір тұлпарларына Чайковскийдің әсем сазымен вальс билеткен Қазақстан ІІМ ішкі әскерлерінің жүргізушілері тағы бір дәлелдеді.

17-19 қыркүйекте Атырауда алғаш рет 5546 әскери бөлімшесінің базасында (Водников поселкесінің маңында) ҚР ішкі әскерлерінің оқу-әдістемелік жиыны өтті. Жиын шеңберінде ІІМ ішкі әскерлерінің үздік жүргізушісі және БТР үздік экипажы байқау-бәйгесінің үшінші кезеңі ұйымдастырылды. Оған «Батыс», «Шығыс», «Орталық» және «Оңтүстік» әскери округтерінің, ішкі істер әскери институтының (Петропавловск қаласы) және оқу полкінің (Алматы облысы) үздік өкілдері қатысты. Жалпы басшылықты ІІМ ішкі әскерлер бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары Ғабдолхақ ШОҚЫШЕВ жүзеге асырды.

Ғабдолхақ ШОҚЫШЕВҒабдолхақ ШОҚЫШЕВОның айтуынша, мұндай байқау-бәйгелер анағұрлым кәсіби дайындалған әскери жүргізушілерді, БТР экипаждарының мүшелерін анықтауға, олардың шеберліктерін шыңдауға көмектеседі екен. Мұндай әскери жиындар елімізде үшінші рет, үздік жүргізушілер мен экипаждар бәйгесі екінші рет, ал УАЗ-дардың орындауындағы вальс жалпы алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл күні нағыз Атырауға тән ауа-райы болды. Қала сыртынан соққан жел нағыз топырақты дауылға айналды. Жасанды үйіндіден оп-оңай өткен БТР-лар топырақтан көрінбей қалды. Алайда әскерилер ауа-райын еш елемеді, олар мұны «табиғи құбылыс» деп атайды: автодромда «Синий платочек» және «Любимый город может спать спокойно» әнімен  әскери техниканың мүмкіндіктері көрсетілді. Жоғары дәрежелі жүргізушілер басқарған УАЗ-дардың орындаған өзгеше нөмірі ең үздік көрініс болды: музыкамен синхронды қозғалып, бұрылып, кідіріс жасаған олар вальсті мінсіз орындап шықты.

Білесіз бе, Ауғанстандағы соғыс кезінде жүргізушілерді вальсті осылай билеуге үйреткен командирлер болды. Жүргізушілердің маневр жасау шеберліктері адамдардың өмірін құтқарып қалатын, - дейді Ғабдолхақ Шоқышев

Байқау-бәйгенің қорытындысы бойынша үздік атағы «Шығыс» әскери округінің БТР экипажына бұйырды. Оның құрамында лейтенант Берік ЕРБОТАЕВ, жүргізуші–механик Нұркен ОСПАНОВ және нысанашы Руслан САМГИН болды. Ішкі әскерлер әскери институтынан сержант АРИНОВ үздік жүргізуші атанды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

20 қыркүйек 2013, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.