
Атырау облысы, Исатай ауданы полиция бөлімінің жол және техникалық инспекция тобының аға мемлекеттік автоинспекторы республикалық маңызы бар Ақтөбе–Атырау–Астрахань тас жолының 688-шақырымында көлігі тоқтап қалған шетелдік азаматқа көмек көрсетті.
Қытай Халық Республикасының азаматшасы мінген автокөлік жанар-жағармайы таусылғандықтан жолда қалып қойған. Осы кезде қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция капитаны Ербол Ізімберген жағдайды байқап, дереу көмекке жетті.
Полицей шетелдік туристі жақын маңдағы жанармай бекетіне жеткізіп, қажетті отынды алуға көмектесті. Кейін автокөлікті қадағалап, оның қауіпсіз түрде сапарын жалғастыруын қамтамасыз етті.
Шетелдік азаматша тәртіп сақшысының көмегіне алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
В Атырау +4