
«Қазпошта» ұлттық пошта операторының басшылығында кадрлық өзгерістер болды. «Қазпошта» АҚ басқарушы директорлары қызметіне Айжан Қайратова мен Бақытжан Мәлікова тағайындалды. Екеуі де компанияның басқарма құрамына енді.
Жаңа топ-менеджерлер туралы не белгілі?
Айжан Қайратова қаржы жөніндегі басқарушы директор қызметіне тағайындалды.
Оның қаржылық басқару, стратегиялық жоспарлау және инвестициялар саласында көпжылдық тәжірибесі бар. Еңбек жолын 2007 жылы бастаған.
Әр жылдары ҚР Қорғаныс министрлігінде, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Транстелеком» АҚ-да жұмыс істеген.
2020–2024 жылдары — «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің аға менеджері болды.
2024 жылғы қаңтардан бастап «KEGOC» АҚ-да жұмыс істеп, Инвесторлармен байланыс департаментін басқарды. Ал 2026 жылғы ақпаннан бастап Қарыз алу және инвесторлармен байланыс департаментінің басшысы қызметін атқарды.
Бақытжан Мәлікова қаржылық қызметтер жөніндегі басқарушы директор қызметіне тағайындалды.
Оның жалпы еңбек өтілі 21 жылдан асады, оның ішінде бес жыл пошта саласында жұмыс істеген. Банк секторында және корпоративтік бизнесте тәжірибесі бар.
Еңбек жолын 1998 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінде бастаған.
«Қазкоммерцбанк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ және «Еуразиялық банк» АҚ-да басшылық қызметтер атқарған.
2020–2025 жылдары — «Қазпошта» АҚ-ның «Астаналық пошта» филиалын басқарды.
В Атырау +16.5