Атырау, 5 желтоқсан 11:16
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Халық заңгері»: Атырауда акция ​қашан және қайда өтеді

531 рет қаралды

Өңірлік коммуникациялар қызметі видеоcынан алынған скриншот

31 қазан күні Атырау қаласында және облыс аудандарында республикалық «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтеді.

Бұл күні барлық тұрғындар кәсіби заңгерлерден қызықтырған сұрақтарына тегін заңгерлік кеңес ала алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның мақсаты — азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және өңір тұрғындарына заңнамаға қатысты мәселелерді түсінуге көмектесу.

Акция өтетін орындар мен уақыты:

17:00

  • Атырау қаласы — «Абай» оқыту орталығы

10:00

  • Жылыой ауданы — «Беркад» сауда орталығы

  • Қараарна ауылы — «Шоқпартоғай» мәдениет үйі

  • Құрманғазы ауданы — С. Кешекбаев атындағы мәдениет үйі

  • Жанаталап ауылы — «Жанаталап» мәдениет үйі

  • Махамбет ауданы — «Азаматтарға арналған үкімет» филиалы

  • Жалғансай ауылы — «Шалқыма» мәдениет үйі

  • Мақат ауданы — «Мансап» орталығы

  • Доссор кенті — «Доссор» мәдениет үйі

  • Индер ауданы — Орталық мәдениет үйі

  • Есбол ауылы — «Есбол» мәдениет үйі

  • Исатай ауданы — «Жалын» мәдениет үйі

  • Тұщықұдық ауылы — Н. Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйі

  • Қызылқоға ауданы — «Арман» мәдениет үйі

  • Сағыз ауылы — Жастар ресурстық орталығы

24 қазан, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.