
Бүгін Атырау қаласы әкімдігі мен Ресей Федерациясының Тольятти қалалық округі әкімшілігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Бұл құжат — екі қаланың экономикалық, мәдени және әлеуметтік байланыстарын дамытуға, сондай-ақ іскерлік және достық қатынастарды нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Атырау қаласы атынан меморандумға қала әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасов қол қойды.
Ынтымақтастық аясында тараптар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, білім және мәдениет салаларында тәжірибе алмасу, қалалық инфрақұрылымды дамыту бағыттарында бірлескен бастамаларды қолға алмақ.
"Бұл — Атыраудың халықаралық серіктестік кеңістігін кеңейтіп, қаламыздың дамуына жаңа серпін беретін маңызды кезең", - деп атап өтті әкімдіктегілер.
В Атырау +4