Атырау, 5 желтоқсан 07:42
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Грузия Бас прокуратурасы экс-премьер Гарибашвилиді ақша жылыстатты ​деп айыптады

510 рет қаралды
Фото: Александр Миридонов, Коммерсантъ

Грузияның Бас прокуратурасы бұрынғы премьер-министр Ираклий Гарибашвилиге қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастырды деген айып тақты. Бұл туралы «Коммерсантъ» хабарлады.

Тергеу мәліметінше, 2019 жылдан 2024 жылға дейін мемлекеттік қызметте жүріп, жасырын түрде кәсіпкерлікпен айналысып, аса ірі көлемде табыс тапқан. Прокуратура оның мүліктік декларацияларында жалған мәліметтер көрсетіп, сол арқылы заңсыз табысты жасырып келгенін айтады. 

Осыған байланысты Гарибашвилиден 1 миллион лари (шамамен 368 мың АҚШ доллары) өндіріп алу туралы талап қойылды. 2025 жылғы 18 қазанда Грузияның арнайы қызметтері бұрынғы шенеуніктердің үйлерінде тінту жүргізіп, 7 миллион доллардан астам қолма-қол ақша, қымбат сағаттар, картиналар, құжаттар мен электронды құрылғыларды тәркіледі. 

Бұл тізімге Гарибашвилидің үйі де кірді. Ол Грузияда екі рет премьер-министр қызметін атқарған: 2013–2015 және 2021–2024 жылдары. 2025 жылдың сәуірінде саясаттан кететінін мәлімдеген болатын.

Қазір бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырып отыр.

24 қазан, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.