Атырау, 5 желтоқсан 11:16
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​«Republic Day» акциясы​: Атырауда 70%-ға дейінгі жеңілдікпен қай жерде сауда жасауға болады?

545 рет қаралды

Республика күні қарсаңында Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ішкі нарықты қолдауға және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған кең ауқымды «Republic Day» акциясын іске қосты. 

24–27 қазан аралығында еліміздің барлық өңірінде ірі жеңілдіктер ұйымдастырылып, қазақстандықтар тұрмыстық және басқа да кең сұранысқа ие тауарларды 10%-дан 70%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады. Акцияға елде 220-дан астам сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, супермаркеттер, ірі дүкен желілері мен онлайн-маркетплейстер сияқты сауда нысаны қатысуда.

Атырау облысында – «Насиха», «Тамаша», «Атырау», «Baizaar», «Бақдәулет», «Мұрагер» сауда үйлері, «Infinity Mall» орталығы және Sulpak, Technodom, «Мечта» дүкендері.

Жеңілдіктер негізінен тұтынушылық және тұрмыстық тауарларға: киім, аяқ киім, электроника, тұрмыстық техника, үйге арналған заттар мен күнделікті сұранысқа ие басқа да өнімдерге беріледі. Акция офлайн және онлайн сауда нүктелерін де қамтиды.

Онлайн форматта да бірқатар танымал платформалар қосылды: Wildberries-те жеңілдіктер 90%-ға дейін, Fortemarket-те FMFEST промокоды арқылы 10 000 теңгелік бонус, Kaspi Магазин түрлі тауарлар санатына 58% дейін жеңілдік ұсынады.

Сонымен қатар, 30 қазанға дейін "Береке Fest" республикалық акциясы жалғасады, оған еліміздің ең ірі бөлшек сауда орындары - Magnum, SMALL, Анвар, Toimart, Фермаг, Dina, Астықжан, Норма, Дана және т.б. қосқанда, барлығы 80-ге жуық сауда желісі қатысады.

24 қазан, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.