
24 қазан – Кітапханашылар күніне орай Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин мәдениет саласының ардагерлері мен қызметкерлерін қабылдап, ізгі тілегін білдірді.
Іс-шара барысында екі ардагер кітапханашы Қазақстандық кітапханалық одағының «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталса, өз ісіне адал 20 кітапханашы қала әкімінің Алғыс хатымен арнайы танылды.
Жиынға қалалық мәслихат төрағасы мен қалалық қоғамдық кеңес төрағасы қатысып, кітапханашылардың қоғамдағы маңызды рөлін атап өтті.
Қала әкімі Шәкір Кейкин өз құттықтау сөзінде:
«Кітапхана – халықтың рухани қазынасы, ал кітапханашы – сол қазынаны ұрпаққа жеткізуші, білім мен парасаттың жаршысы. Қаламыздағы 64 кітапханашы 27 кітапханада қызмет етіп, 448 мыңнан астам кітап қорын сақтап, оқырман мен білім арасындағы алтын көпір болып отыр. Бұл – үлкен еңбектің және ұлт болашағына деген жанашырлықтың көрінісі», – деді.
Шара соңында жылы тілектер мен құттықтауларға толы кездесудің соңы әсем әнмен ұласып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
В Атырау +4