
Атырау тұрғындары әлеуметтік желілерде кейбір жол қиылыстарында «қызыл плюс» қосымша белгісінің жоқтығына қатысты шағымдарын жиілеткен. Осыған байланысты қалада бағдаршамдарды кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары басталды.
2025 жылғы 23 қазанға дейін Берғалиев – Амандосов және Өтемісов – Уәлиханов көшелерінің қиылыстарында жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Қала бойынша жалпы 78 бағдаршам нысанын жаңғырту жоспарланып отыр. Жаңа бағдаршамдар заманауи бағдарламамен жабдықталып, көліктердің легіне қарай жұмыс режимін автоматты түрде реттейтін болады. Бұл “ақылды бағдаршам” жүйесі қала жолдарының өткізу қабілетін арттырады. Тұрғындардан осы жұмыстарға байланысты уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Сонымен қатар, “қызыл плюс” қосымша секциясы біртіндеп “жасыл плюс” секциясына алмастырылады. Қазақстанның әртүрлі қалаларында пилоттық режимде енгізіліп жатқан бұл жүйенің мақсаты — сигналды жүргізушілерге барынша түсінікті ету. Сигналдың мәні өзгеріссіз қалады: қарсы бағытқа қызыл түс жанған кезде қауіпсіз бұрылуға рұқсат береді.
В Атырау +4