Атырау, 5 желтоқсан 11:16
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

2026 жылдан бастап дивидендтен салық жеңілдігі жойылады

425 рет қаралды
Сурет: freepik.com

2026 жылы жеке тұлғалар алатын дивидендтерге прогрессивті салық шкаласы қолданыла бастайды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Салық әдіснамасы басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Аббасова түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, жеке тұлғалар компаниядағы үлесі немесе акциясы бойынша табыс ретінде алатын дивидендтерге прогрессивті салық шкаласы қолданылады. Шкаланың табалдырығы 230 мың АЕК (шамамен 995 млн теңге) деп белгіленген:

  • 995 млн теңгеден төмен дивидендке – 5% жеке табыс салығы

  • 995 млн теңгеден жоғары дивидендке – 15% жеке табыс салығы

Бұл жаңа ереже бойынша қазіргі дивидендке берілетін жеңілдіктер күшін жояды. Қазіргі уақытта дивидендтен алынатын жеке табыс салығы 10% болып, 30 мың АЕК-ке дейінгі (шамамен 100 млн теңге) дивидендтерге салық салынбайды. Ал 2026 жылдан бастап бұл жеңілдік күшін жоғалтып, 995 млн теңгеге дейін дивиденд алғандардың бәрі 5% салық төлейтін болады.

24 қазан, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.