Атырау, 5 желтоқсан 11:16
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Еркінсуге әлі ерте»: ЕО санкциясы ҚР банктеріне қалай әсер етеді

523 рет қаралды
Арман Бейсембаев/ Видеодан скриншот

Экономист Арман Бейсембаев ВТБ Банк (Қазақстан) Еуропалық Одақтың 19-шы антиресейлік санкциялар пакетіне енгізілуін Қазақстан қаржы секторына ескерту деп атады. Ол Forbes басылымына берген сұхбатында бұл қадамның банктер үшін айтарлықтай дабыл екенін айтты.

«Әзірше айтарлықтай әсері болған жоқ. Бірақ бұл біздің банктер үшін қатерлі сигнал болып тұр. ЕО санкцияларды бұрынғыдан да мұқият әрі жүйелі әзірлеген сияқты», — деді Бейсембаев.

Экономистің айтуынша, ВТБ-ге тигізетін әсер аз, өйткені 2022 жылы банк АҚШ санкциясына іліккен, ал Сбербанк пен Альфа-Банктің нарықтан шығуы әлдеқайда сезілетін еді. Дегенмен, санкциялар кеңейсе, жүйелік қауіптер туындауы мүмкін:

«Мысалы, егер Kaspi-ге санкция салынса, бұл таза паника, құлдырау және жүйелік коллапс. Ал Halyk арқылы өтетін бюджет қаражатының көп бөлігіне санкция қолданылса, салдары катастрофалық болар еді. Біз мұндай сценарийге дайын емеспіз», — деді ол.

Бейсембаев банктерге ескерту жасап, келесі пакеттерде олардың да «мақсатта болуы мүмкін» екенін айтты. Оның айтуынша, қазақстандық банктердің Ресей азаматтарына қашықтан карталар беру схемалары осал тұстардың бірі болып табылады:

«Елімізде кейбір компаниялар Ресей азаматтарына SWIFT, Visa және Mastercard арқылы қызмет көрсететін карталарды қашықтан жасап, жіберіп отырады. Егер бұл олқылық жабылмаса, осы банктер келесі санкциялар тізіміне енуі мүмкін. Қазір дем алуға болады, бірақ еркінсуге әлі ерте. 20-шы және 21-ші санкциялар пакеттері алыс емес», — деп қорытты Бейсембаев.

24 қазан, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.