
Кеше Атырау қаласындағы Тасқала ықшам ауданында уақытша тұрғын үйге жапсарласа салынған, аумағы 20 шаршы метр болатын жылыту қазандығы орнатылған бөлменің төбе жабындысы өртенді.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 20 минуттың ішінде өртті оқшаулап, толық сөндірді.
Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің кәсіби және жылдам әрекетінің нәтижесінде жалынның тұрғын үйге және көршілес нысандарға жайылуына жол берілген жоқ.
Зардап шеккендер жоқ.
В Атырау +4