Атырау, 5 желтоқсан 11:15
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау қаласының прокуроры тағайындалды

513 рет қаралды
Сурет: facebook.com, Мерген Меңдіғалиев

Атырау қаласының прокуроры болып Маңғыстау облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының басшысы қызметін атқарған Мерген Өмірбекұлы Меңдіғалиев тағайындалды.

Мерген Меңдіғалиев 1989 жылдың 28 қарашасында Атырау қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ол жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бірден прокуратура органдарында қызметін бастап, түрлі, соның ішінде басшылық лауазымдарды атқарған.

Маңғыстау облысындағы алдыңғы жұмыс орнында азаматтар мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін қадағалады.

24 қазан, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.