Атырау, 26 мамыр 06:46
 дождьВ Атырау +17.8
$ 472.48
€ 550.06
₽ 6.59

Қазақстан шекарасына жақын жерде жер сілкінісі тіркелді

457 рет қаралды

Қазақстан Ұлттық деректер орталығы Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді. Сейсмикалық оқиға 2025 жылдың 23 қазанында Астана уақыты бойынша 00:52-де (Гринвич бойынша 19:52) болды.

ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институтының Деректер орталығының жедел деректері бойынша эпицентрдің координаттары 42,63° солтүстік ендік және 81,32° шығыс бойлықты құрады. Жер сілкінісінің магнитудасы — mb=4, энергетикалық класы — K=9.

Қираулар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Мамандар аймақтағы сейсмикалық белсенділікті бақылауды жалғастырып жатыр. 

24 қазан 2025, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.