Атырау, 5 желтоқсан 11:17
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда мектепке тасымалдау жүргізушілердің жұмыстан кетуіне байланысты тоқтады

486 рет қаралды
Видеодан стоп-кадр

Әлеуметтік желіде Атыраудағы қалааралық автобус үнемі оқушыларға лық толы болатыны жөнінде видео тарады. 

Ол Жамбыл атындағы орта мектепке баратын оқушыларға қатысты болып шықты. Атырау қаласының әкімі Шәкір КЕЙКИН №50 автобус тарапынан бұрын-соңды тығыздық болмағанын, мектеп автобусының болмауына байланысты болып тұрғанын жеткізді. 

Жалпы Ж. Жабаев мектебінде 1283 оқушы бар. Бұл мектепке Зарослый елді мекенінен-295, Жаңаталап ауылының Жаңа құрылыс бетінен 185 оқушы тасымалданады. Оқушыларды күнделікті тасымалдауға ПАЗ, Golden Dragon екі автобус бөлінген болатын. Қазіргі таңда екі автобустың жүргізушілері өз өтініштері негізінде жұмыстан босатылғандықтан оқушылар тасымалы жүзеге асырылмай отыр. 

- Автобус жүргізушілеріне Enbek.kz сайтына вакансия жарияланып отыр. Сонымен бірге мектептің әлеуметтік желі парақшаларына, Атырау ауылдық округі аппаратының чатына, округ белсенділері, ата-аналар комитеттері чаттарына автобус жүргізушілерінің қажеттілігі жарияланып, іздестіріліп жатыр, - дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА. 

Жаңа жүргізушілер табылғанша балалар мектепке түрлі жолмен — бірілері лық толы автобуспен, енді бірілері жолай баратын көлікпен жетуге мәжбүр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 қазан, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.